KazAID АТМЭӘК-пен кездесу өткізді

KazAID АТМЭӘК-пен кездесу өткізді

2023 жылғы 27 қараша, Бангкок, Таиланд – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы А. Арыстанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы А. Алисджабана ханыммен Оңтүстік-Оңтүстік және үшжақты ынтымақтастық жөніндегі бесінші Азия-Тынық мұхиты Бас директорлар форумы шеңберінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар KazAID пен АТМЭӘК арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы уағдаластыққа келді, сондай-ақ келесі жылы Қазақстанда жоспарланып жатқан Цифрлық даму министрлерінің кездесуін талқылады.