
"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін), магистратура артықшылықта. Жұмыс тәжірибесі - 3 жыл. Жобаларды басқарудағы тәжірибе міндетті болып табылады. Жобалар бюджетімен жұмыс істеу дағдылары мен мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесі құпталады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті. Шет тілдерін білу құпталады.
Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 21 қараша.
Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz