"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды, атап айтқанда:

  • Әріптестік және аймақтық жобалар департаментінің менеджері - 1 адам. Функционалдық міндеттері: Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалардың дизайнын әзірлеу; жергілікті және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу; жобаларды сүйемелдеу және іске асырылуын бақылау; қажетті жобалық құжаттаманы дайындау; серіктес елдердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және шетелдік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Экономикадағы, халықаралық қатынастардағы, бизнес-басқарудағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (басқа мамандықтар да қарастырылуы мүмкін). Жұмыс тәжірибесі – 2 жыл. Мемлекеттік сектордағы тәжірибе мен жобалық басқару дағдылары ерекше бағаланады.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті. Шет тілдерін білу құпталады.

 

Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 21 қараша.

Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kz»