KazAID Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығымен Алматы қаласында кездесу өткізді

KazAID Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығымен Алматы қаласында кездесу өткізді

Алматы, 2023 жылғы 10 қараша – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма Төрағасы А.Арыстанов ЮНЕСКО қамқорлығымен 2 санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы Директоры Т.Балықбаев пен Орталықтың ғылыми жетекшісі И.Северскиймен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Орталықтың аймақтағы қызметі және оның 2023-2024 жылдарға арналған басым бағыттары, Орталық Азия елдерінің қажеттіліктері және екі тараптың ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.