KazAID МБА-да лекция өткізді

KazAID МБА-да лекция өткізді

3 қараша 2023 жыл - KazAID Басқарма Төрағасы А. Арыстанов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламаларының студенттеріне «Қазақстанның халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық бағыты бойынша рөлі» тақырыбына дәріс оқыды. Дәріс барысында Басқарма Төрағасы халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы, қазақстандық ДРК және Агенттіктің осы салалардағы рөлі туралы айтып өтті.