
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «Түркия Республикасында мектеп салу бойынша үздік эскиздік жоба» байқауын өткізеді.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
Түркия Республикасында мектеп салу үшін ұлттық қазақи колориті бар сапалы және креативті эскиздік идеяларды алу. Ұлттық қазақи колоритінің болуы байқаудың міндетті шарты болып табылады;
БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:
Байқау қазақстандық жоғары оқу орындарының сәулет факультеттерінде оқитын студенттер арасында өткізіледі;
БАЙҚАУ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ:
Байқауға қатысуға өтінім "KazAID "Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ-ға беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 25 қазан мен 25 қараша аралығында электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады: s.nurzhan@kazaid.kz
Байқау қорытындысының шығарылуы - 2023 жылдың 1 желтоқсанында.
Жеңімпаздарды марапаттау - 2023 жылдың 5 желтоқсанында.
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:
Комиссия берілген өтінімдер мен материалдарды қарастырады, орындалған жұмысты он балдық шкала бойынша бағалап, жеңімпазды келесі критерийлер бойынша айқындайды:
1) көркем идеяның өзіндік ерекшелігі;
2) идеяның негіздемесі бар аннотацияның болуы (түсіндірме жазба);
3) мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;
4) көлемдік-кеңістіктік шешімнің болуы (габариттері, өлшемдері және т. б.);
Байқаудың ең жоғары бағасы - 40 балл.
Эскиздік жобалар PDF форматында қабылданады.
БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ:
Ең көп балл жинаған қатысушы байқаудың жеңімпазы болып танылады.
Байқау нәтижелерін шығаруды комиссия жүзеге асырады.
Байқау қорытындысын шығару бойынша комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді.
Байқау жеңімпазы сертификат және ASUS ноутбугімен марапатталады.