KazAID және БҰҰ ЕҚБ арасындағы бірлескен жобаның қорытындысы бойынша қорытынды конференция

KazAID және БҰҰ ЕҚБ арасындағы бірлескен жобаның қорытындысы бойынша қорытынды конференция

2023 жыл 13 қазан, Бішкек, Қырғыз Республикасы – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің өкілдері БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігін арттыру мәселелері жөніндегі жаһандық ресурс» атты GRACE жобасының нәтижелері бойынша қорытынды конференцияға қатысып, жобаның доноры рөлін атқарды.

Сондай-ақ, қазақстандық қатысушылардың арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (АНТИКОР) және Нархоз университетінің өкілдері болды.

Қорытынды конференция барысында жоба тобының сарапшылары жобаның әрбір құрамдас бөлігі бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы бойынша жоғары оқу орындары үшін әзірленген оқу модульдері бойынша жұмыстарды ұсынды.

Өз кезегінде, АНТИКОР өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикасы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.

 

Анықтама:

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) — есірткі, қару-жарақ, ұйымдасқан қылмыс, адам саудасы және халықаралық терроризмге қарсы күреспен айналысатын БҰҰ бөлімшесі.