KazAID кітапхана қызметкерлерінің Республикалық конференциясына қатысты

KazAID кітапхана қызметкерлерінің Республикалық конференциясына қатысты

2023 жыл 12 қазан, Ақтау – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің (KazAID) өкілі Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында кітапхана қызметкерлерінің Республикалық конференциясына қатысты.
Конференция барысында KazAID өкілі Агенттіктің қызметі туралы презентация жасап, қатысушыларды мәдениет және білім саласындағы жобаларды ілгерілету бойынша ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары туралы хабардар етті. Баяндама соңында дамуға ресми көмек аспектілері талқыланды, оның барысында жобаларды әзірлеуге және іске асыруға көмек көрсету бойынша ұсыныстар түсті.