
2023 жылғы 12-13 қазан - «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Астана қаласында «Жасанды және адами интеллект: Дұрыс теңгерім» тақырыбында өткен «Digital Bridge 2023» форумына қатысып, серіктес болды.
Форум 15 елден келген қатысушылардың цифрландырудағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған өңірлік алаңға айналды. Іс-шара аясында жас мамандар Агенттіктің қызметімен және дамуға ресми көмек саласымен танысуға мүмкіндік алды.