
11 қазан 2023 жыл - «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы д-р Аркен Арыстанов Ирак Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі д-р Джабер Нажм Абдуллах аль-Темимимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел дипломаттарының өзара тағылымдамалары туралы келісімге келді, сонымен қатар цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.