
11 қазан 2023 жыл, Герат, Ауғанстан – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің өкілі С.С. Нұржан а.ж. 7 қазанда Герат провинциясын шарпыған жойқын жер сілкіністерінің салдарына байланысты Қазақстан халқынан гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Ауғанстанға келді.
Алғашқы ұшақпен 1200 адамға дейін сыйымдылығы бар шатырлар, дәрі-дәрмектер жеткізілді.
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және Қазақстан халқынан ұсынылатын гуманитарлық көмек үйлестірушілерінің рөлін атқарады.