
2023 жылғы 28 тамыз - KazAID дамуға ресми көмек көрсетудің қазақстандық бағдарламасы шеңберінде тиімді ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылау мақсатында қазақстандық және шетелдік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен БҰҰДБ брифингіне қатысты.
Брифинг ОА елдерінің және өңірдің қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, даму бағдарламасын барынша тиімді және бейімделіп іске асыру бойынша даму саласындағы әріптестер арасындағы сындарлы диалогқа ықпал етті.