
Қазақстан делегациясының АҚШ, Вашингтон қаласына сапары аясында ҚР Сыртқы істер Министрінің Бірінші орынбасары Қ.Е. Умаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы А.С. Құспан және «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы А.К. Арыстанов USAID АҚШ халықаралық даму агенттігі Әкімінің Орынбасары И. Коулман, сондай-ақ USAID-тің басқа өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірлескен ынтымақтастық пен әріптестікті кеңейту перспективаларын талқылады.