«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі, Қазақстан-Неміс университеті «ҚНУ» және Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы әйелдер кәсіпкерлігі саласында дөңгелек үстел өткізді

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі, Қазақстан-Неміс университеті «ҚНУ» және Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы әйелдер кәсіпкерлігі саласында дөңгелек үстел өткізді

Алматы, 2023 жылғы 28 қаңтар – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақ-Неміс университеті жанындағы ЮНЕСКО кафедрасымен және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты бизнес жүргізу мәселелері бойынша дағдыларды нығайту және тәжірибе алмасу арқылы Ауғанстаннан кәсіпкерлік саласындағы қатысушылардың әлеуетін арттыру болды.

Спикерлер ретінде әртүрлі облыстардан келген қазақстандық кәсіпкер әйелдер сөз сөйлеп, өз баяндамаларын таныстырып, қатысушылармен пікірталас өткізді.

Бұл дөңгелек үстел Ауғанстаннан келген әйелдердің экономикалық құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған  KazAID, ҚНҰ және БҰҰДБ-ның әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы алғашқы бірлескен іс-шарасы болды.