Қырғыз Республикасының мамандары үшін мемлекеттік қызметтер көрсету саласында цифрландыруды дамыту бойынша семинар ҚР ЦДИАӨМ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, БҰҰ ЭСКАТО және Қырғыз Республикасының мамандарымен бірлесе өткізілді.

Семинардың мақсаты: Қырғыз Республикасының азаматтары мен кәсіпкерлеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыруға және электрондық сервистер саласында сараптамалық қолдау көрсетуге техникалық көмек көрсету арқылы электрондық сервистерді дамытуға жәрдемдесу.

Тақырыбы: Электрондық сервистерді дамыту, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді оңтайландыру, электрондық қолтаңба, цифрландыру саласындағы заңнаманы өзгерту.

Өткізу уақыты: 2021 жылғы 25 қараша.

Өткен орны: Holiday Inn Almaty Конференц-залы, Алматы қ.

Мақсатты аудитория: Қырғыз Республикасынан 15 маман.

Жобаның сипаттамасы: Семинар Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметтер комитетінің, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия (БҰҰ ЭСКАТО) өкілдері және шақырылған Қырғыз Республикасының мамандарымен ынтымақтастықта іске асырылды.

Семинар аясында қатысушыларға БҰҰ ЭСКАТО-ның жетекші қазақстандық мамандары мен сарапшыларының тәжірибесімен танысуға, сондай-ақ өз мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік берілді. Қатысушылар өзара байланыстармен алмасып, қарым-қатынасты қолдауға келісті.