«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің қызметкері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің қызметкері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің қызметкері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік.

Ішкі аудит қызметінің қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары:

1) Бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе құқықтану салаларындағы жоғары кәсіптік білім және қосымша арнайы дайындық;

2) Аудит, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

3) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу;

4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білу;

5) «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігінің, және/немесе ішкі аудит саласындағы CIA (Certified Internal Auditor) сертификатының, және/немесе Алқалы сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) сертификатының, және/немесе СAP (Certified Accounting Practitioner) практик-бухгалтер сертификатының, және/немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті органында аккредиттелген сертификаттау жөніндегі ұйым берген кәсіби бухгалтер сертификатының, және/немесе DipFR (рус) (Diploma in International Financial Reporting) дипломының, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының, және/немесе DipIA IFA (Ұлыбритания) ішкі аудитор дипломының міндетті түрде болуы.

Сондай-ақ, ағылшын тілін білгендерге артықшылық беріледі.

 

Жұмыс шарттары: толық емес жұмыс күні, Директорлар кеңесіне бағыныстылық.

Кандидаттардан түйіндемелерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 01.11.2026 ж.

Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: office@kazaid.kz