
2026 жылғы 18 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Ж. Асанов және Агенттік өкілдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылық және орындаушылық деңгейдегі қызметкерлері үшін «Қазақстанның халықаралық даму мақсаттарындағы ынтымақтастық саласындағы рөлі» тақырыбында онлайн форматта дәріс өткізді.
Таныстыру іс-шарасы шеңберінде KazAID-тың әртүрлі салалардағы, әсіресе денсаулық сақтау саласындағы қызметі мен бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.