KazAID-тің Мичиган мемлекеттік университетімен (MSU) кездесуі

KazAID-тің Мичиган мемлекеттік университетімен (MSU) кездесуі

2026 жылғы 15 мамыр, Астана қ. – KazAID Басқарма Төрағасы А.Арыстановтың Мичиган мемлекеттік университетінің (MSU) проректоры, профессор Т.Авакусемен, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, профессор В.Тарабарамен және MSU-дың басқа да өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында MSU өкілдері университеттің медицина, ғылым және зерттеулер, қоршаған орта, ауыл шаруашылығы салаларындағы білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді, сондай-ақ серіктес елдерге арналған су дипломатиясы саласында бірлескен виртуалды академия құру туралы бастама көтерді.

Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі ұйым арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесі қаралды.