
2026 жылғы 21 сәуірде Орталық Азиядағы медициналық білім беру саласындағы академиялық ұтқырлықты қолдау бойынша «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасының жабылу салтанаты өтті. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарынан 12 медициналық студент Астана қ. медициналық мекемелерінде оқудан сәтті өтті.
Жабылу салтанаты барысында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті және сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Іс-шараға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы А.Арыстанов, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы үйлестірушісі Ф.Ердоғмуш және Астана медицина университетінің Медицина мектебінің деканы А.Смагулова қатысты.
Студенттерге арналған «Авиценна: Денсаулық сақтау» бағдарламасы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен 2024 жылдан бастап жүзеге асырылып, медициналық білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында қазақстандық тәжірибемен бөлісу және Орталық Азия елдерінің қатысушылары арасында байланыс орнату үшін платформа болып табылады.
Анықтамалық мәліметтер
Қазақстанның Халықаралық даму агенттігі «KazAID» – 2020 жылы Қазақстан Үкіметі құрған ресми даму көмегін (ДРК) жүзеге асыратын агенттік. Агенттіктің миссиясы – даму ресми көмегі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсімді ілгерілету, Қазақстандағы әртүрлі салалардағы жетістіктерді көрсету және әртүрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуды жеңілдету.
Астана медициналық университеті (AMУ) — Орталық Азия елдерінің студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстандағы жетекші медициналық университет. Ол медициналық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады.
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) — Түрік үкіметінің техникалық көмек көрсетіп, әлемнің 170-тен астам елінде, соның ішінде Орталық Азияда гуманитарлық жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік органы.
БАҚ үшін байланыс: a.kopisheva@kazaid.kz.