KazAID пен Zhetysu University арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

KazAID пен Zhetysu University арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

KazAID Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен (Талдықорған қ.) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов пен университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Ермек Бурибаев қол қойды.

Аталған келісім білім беру саласындағы әріптестікті кеңейтуге, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстанның сыртқы саясаты саласында студенттердің білім деңгейін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы тұрғыда дамуға ресми көмек (ДРК) бойынша оқу құралын оқу үдерісіне енгізу ерекше маңызға ие. KazAID сараптамалық біліммен бөлісуге және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға жәрдемдесуге дайын.