Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының 2024 жылы шет елдерге көрсеткен дамуға ресми көмегі туралы

Қазақстан Республикасының 2024 жылы шет елдерге көрсеткен дамуға ресми көмегі туралы

2014 жылғы 10 желтоқсандағы «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дамуға жәрдемдесу комитетіндегі «шақырылған» мәртебесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2024 жылы шет елдерге көрсетілген дамуға ресми көмек туралы статистикалық есепті ұсынды.

2024 жылы Қазақстан Республикасының екіжақты және көпжақты арналар арқылы көрсеткен дамуға ресми көмегінің жалпы көлемі 49,28 млн АҚШ долларын құрады.

2024 жылы Қазақстан Республикасының екіжақты көмегінің негізгі алушылары:

  • Тәжікстан – 9,71 млн АҚШ доллары;
  • Ауғанстан – 6,49 млн АҚШ доллары;
  • Түркия – 3,95 млн АҚШ доллары;
  • Того – 1,55 млн АҚШ доллары;
  • Қырғызстан – 1,49 млн АҚШ доллары.

ДРК қаражаты келесі басым бағыттар бойынша бөлінді:

  • Гуманитарлық көмек, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуді қоса алғанда;
  • Экономикалық инфрақұрылым, негізінен энергетика және коммуникациялық байланыс салалары;
  • Көп салалы секторлар, қоршаған ортаны қорғау және өзге де өтпелі бағыттарды қамти отырып.

ДРК-ның қалған бөлігі дамушы елдердің дамуына жәрдемдесу мақсатында халықаралық ұйымдарға ерікті және міндетті жарналар түрінде аударылды.

Көрсетілген статистикалық деректер ЭЫДҰ-ның ресми веб-парақшасында жарияланған:
https://www.oecd.org/en/data/dashboards/official-development-assistance-at-a-glance.html

2024 жылға арналған деректердің ЭЫДҰ ДЖК ресми есептерінде жариялануы Қазақстан Республикасының халықаралық дамуға көмек көрсету жүйесіне жүйелі қатысуын растайды.

 

 

Дата публикации
03 февраля 2026
Дата обновления
13 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
16 мая 2026
"QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасы Қазақстан мен Түркияның арасында қарым-қатынас нығайтуы туралы хабарлайды
Біз туралы БАҚ
16 мая 2026
«Tengrinews.kz» жаңалықтар порталы Қазақстан Республикасынан Иран Ислам Республикасына гуманитарлық көмекті жөнелту туралы хабарлайды
Біз туралы БАҚ
16 мая 2026
"Jibek Joly" телеарнасы Қазақстан мен Түркияның арасында қарым-қатынас нығайтуы туралы хабарлайды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы