Қазақстанның миссиясы гуманитарлық дағдарыс пен табиғи апаттар жағдайында ауған халқына жүйелі қолдау көрсету болды. Көмек көрсету бірнеше кезеңде жүзеге асты: көктемде әуе бортымен 3,4 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді; күзде теміржол эшелонымен (26 вагон) 272 тонна азық-түлік пен алғашқы қажеттілік заттары жөнелтілді.
2025 жылдың қарашасында жойқын жер сілкінісіне жедел ден қойып, Қазақстан құрамында 13 дәрігер, сондай-ақ 18 тонна арнайы жабдық бар гуманитарлық миссия жіберді. Гуманитарлық науқанның нәтижесінде мыңдаған адамның өмірі сақталып, олардың негізгі қажеттіліктері қамтамасыз етілді, бұл Қазақстанның өңірдегі негізгі гуманитарлық серіктес ретіндегі мәртебесін растады.