Семинардның негізгі мақсаты - ҚР ДРК саласындағы статистикалық деректерді ұсынуға жауапты мемлекеттік органдар мамандарының біліктілігін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттары бойынша арттыру.
2025 жылғы 4 маусымда Астана қаласында «ЭЫДҰ және KazAID-тің Қазақстандағы ДРК жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы» жобасын іске асыру аясында өткен семинарға ҚР мемлекеттік органдары мен талдау институттарының, соның ішінде Экономикалық зерттеулер институты және басқа да ұйымдардың 30-дан астам өкілі қатысты. Аталған семинардың спикерлері ретінде Дамуға ресми көмекті есепке алу әдіснамасын ұйымдастыру және ұсыну тәжірибесімен алмасу мақсатында ЭЫДҰ сарапшылары сөз сөйледі.
Семинар нәтижесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен бейінді ұйымдарының өкілдерінің институционалдық әлеуеті едәуір артты. Есепке алудың озық стандарттарын қолдану көмек ағындарын анағұрлым дәл айқындауға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ДРК көлемі 55%-ға өсті. Алынған білімді тәжірибеге енгізу ұлттық статистиканың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық донорлық қауымдастық тарапынан елге деген сенімді айтарлықтай нығайтады.