«Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасын іске асырылуы
Орталық Азиядан келген студенттерді қолдауға бағытталған медициналық білім беру саласындағы академиялық алмасу және адами капиталды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды.
Академиялық ұтқырлық аясында 2025 жылғы 10 сәуір мен 2 мамыр аралығында Астана медицина университетінің базасында, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) қолдауымен 10 студент оқудан өтті. Оның 7-еуі Қырғыз Республикасынан және 3-еуі Тәжікстан Республикасынан.
Бағдарламаның нәтижесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі арттырылды және қазақстандық озық медициналық білім мен тәжірибе алмасылды. Бағдарлама қорытындысы бойынша студенттер дәрістердің сапасын жоғары бағалап қана қоймай, қазақстандық әріптестерімен әріптестік байланыс орната отырып, өңірлік Болашақ медициналық қоғамдастығы үшін база құрды. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар дәрістердің сапасын 100% жоғары бағалады және Агенттіктің болашақ жобаларына қатысуға ниет білдірді. Сонымен қатар, ресми бөлімнен кейін мәдени бағдарламалар аясында Астана қаласына шолу экскурсиялар ұйымдастырылды, қатысушылар «Бәйтерек» монументін, «Нұржол» желек жолын, «Хан Шатыр» СОО, «ForteBank Kulanshi Artspace» галереясын, EXPO-2017 және Астананың республикалық Бас мешітін аралады.