«Достық: Цифрландыру» бағдарламасының іске асырылуы
Бағдарламаның негізгі мақсаты өңір елдерінің цифрлық трансформациясына жәрдемдесу және электрондық үкімет (GovTech) саласындағы озық тәжірибені бөлісу.
2025 жылдың 25-27 тамызында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Astana Hub базасында «Орталық Азия елдері үшін цифрлық трансформация және ынтымақтастық саласындағы әлеуетті дамыту» бірлескен бағдарламасы шеңберінде Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (KOICA) бірлесіп семинар ұйымдастырылды.
Семинарға салалық министрліктердің 14 өкілі қатысты. Атап айтқанда, Өзбекстаннан 5, Қырғыз Республикасынан, Тәжікстан Республикасынан және Түрікменстаннан 3 маман қатысты. Спикер ретінде Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің профессорлары мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ АҚ) сарапшылары сөз сөйледі. Қатысушылар ҰАТ АҚ экожүйесін және Астана қаласы халқының цифрлық кеңсесінің жұмысын зерттеді. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі имиджі нығайды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың қолданбалы құралдарына қол жеткізді. Оқытуды жалғастыруға деген жоғары сұраныс Орталық Азия елдері үшін Қазақстандық сараптаманың өзектілігінің көрінісі.
Мәдени бағдарлама аясында Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында экскурсиялар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, "Бәйтерек" монументіне және Астананың республикалық бас мешітіне барды.