Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Достық: Дипломатия» бағдарламасы

«Достық: Дипломатия» бағдарламасының іске асырылуы

Бағдарламаның мақсаты мемлекетаралық диалогты нығайту және су дипломатиясының өзекті мәселелерін талқылау арқылы өңірдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты кәсіби байланыстарды қалыптастыру.

Іс-шара 2025 жылдың 27-28 мамырында, Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен серіктестікте өтті. Платформа Қырғыз Республикасынан, Тәжікстан Республикасынан, Түрікменстаннан және Өзбекстан Республикасынан 11 дипломаттың басын қосты. Бағдарламаның басты ерекшелігі оның практикалық бағыты. Теориялық сессиялардан бөлек делегаттар Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне барып, экологиялық дағдарысты жеңілдету бойынша нақты кейстерді зерттеді. Агенттік тәжірибе алмасу және байланыс орнату үшін қолайлы жағдай жасай отырып, қатысушыларға толық қолдау көрсетті. Семинардың нәтижесі тек біліктіліктің артуы ғана емес (қатысушылардың 88,9% атап өткен), трансшекаралық суды пайдаланудың күрделі мәселелері бойынша Орталық Азия елдері дипломаттарының ортақ көзқарасын қалыптастыруы және мәселелерінің шешім табуы. Бұл аймақтағы болашақ конструктивті келіссөздерге негіз болады. Ресми бөлімнен кейін, жергілікті мәдениет және көрікті жерлермен танысу мақсатында қатысушылар үшін Астана қаласы бойынша «Бәйтерек» монументіне, республикалық бас мешітке және EXPO-2017 көрмесіне баруды қамтитын мәдени бағдарлама өткізілді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы