Жоба Түркия Республикасының халқына табиғи апаттың салдарын еңсеруде қолдау көрсету мақсатында іске асырылуда. Бұл бастама 2023 жылғы 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін 2023 жылғы 16 наурызда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында заманауи оқу орнын салуды тапсырды.
Тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 182 қаулысы қабылданды, оған сәйкес оператор ретінде KazAID агенттігі белгіленді. Тікелей құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталды.