COP29 аясында Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Шығыс Еуропаға арналған семинар
Іс-шараның мақсаты өңірдегі дамушы елдерге халықаралық климаттық міндеттемелерді орындау шеңберінде алғашқы Екі жылдық ашықтық есептерін дайындауда қолдау көрсету болды. Семинар 2024 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында KazAID және Әзербайжан халықаралық даму агенттігі (AIDA) арасындағы Меморандум аясында, COP29 конференциясы қарсаңында өтті. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстаннан 43 сарапшы қатысты. Ұйымдастыру жұмыстары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Әзербайжанның сәйкес министрлігінің бірлесуімен, БҰҰ агенттіктерінің (БҰҰДБ, ЮНЕП, БҰҰ КӨНК) қолдауымен жүзеге асырылды.