
Семинардың негізгі міндеті сейсмикалық оқшаулау саласындағы заманауи техникалық шешімдерді және құрылыстың әлемдік стандарттарын зерделеу болды. Іс-шара 2024 жылғы 16-19 сәуір аралығында JICA, KazAID, ҚазҚСҒЗИ және Төтенше жағдайлар орталығының ұйымдастыруымен өтті. Семинарға Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан, Армения Республикасы, Грузия және Әзербайжан Республикасының ТЖ саласындағы мамандары қатысты. Жапондық сарапшылар озық технологияларды таныстырып, сейсмикалық құрылыс саласындағы одан арғы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.