
Бағдарлама қатысушыларды цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы озық тәжірибелермен таныстыруға бағытталған. «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» тақырыбындағы семинар 2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында KazAID және Сингапур СІМ Техникалық ынтымақтастық дирекциясының бірлесе ұйымдастыруымен өтті.
Оқудан Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Қырғыз Республикасынан 10 мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік сектор өкілдері өтті. Спикерлер ретінде Сингапур мемлекеттік қызмет колледжінің, Назарбаев Университетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сарапшылары сөз сөйледі, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың өкілдерімен сарапшылық кездесулер өткізілді.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 100%-ы бағдарламаның жоғары практикалық құндылығы мен ақпараттылығын растады.