Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының 2022 жылы шет елдерге көрсеткен дамуға ресми көмегі туралы

Қазақстан Республикасының 2022 жылы шет елдерге көрсеткен дамуға ресми көмегі туралы

2014 жылғы 10 желтоқсандағы «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дамуға жәрдемдесу комитетіндегі (бұдан әрі – ДЖК) «шақырылған» мәртебесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ЭЫДҰ-ның аталған құрылымдық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының шет елдерге 2022 жылы көрсеткен көмегі туралы кезекті статистикалық есепті ұсынды.

2022 жылы Қазақстан Республикасының екіжақты және көпжақты арналар бойынша шет елдерге көрсеткен дамуға ресми көмегінің (бұдан әрі – ДРК) жалпы сомасы 38,64 млн АҚШ долларын құрады.

2022 жылы Қазақстан Республикасының екіжақты көмегінің негізгі алушылары:

  • Ауғанстан – 4,39 млн АҚШ доллары;
  • Украина – 2,40 млн АҚШ доллары;
  • Пәкістан – 0,42 млн АҚШ доллары;
  • Тәжікстан – 0,40 млн АҚШ доллары;
  • Қырғызстан – 0,40 млн АҚШ доллары.

Аталған қаражат дамуға көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ мынадай негізгі бағыттар бойынша аударылды:

  • Гуманитарлық көмек, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, қалпына келтіру және қайта құруды қоса алғанда;
  • Экономикалық инфрақұрылым, оның ішінде энергетика, көлік және коммуникациялық байланыс;
  • Көп салалы және өзге де бағыттар, әкімшілік және ілеспе шығыстарды қамти отырып.

ДРК-ның қалған бөлігі дамушы елдердің дамуына жәрдемдесу мақсатында түрлі өңірлік және халықаралық ұйымдарға ерікті және міндетті жарналар түрінде аударылды.

Көрсетілген статистикалық деректер ЭЫДҰ-ның ресми веб-парақшасында онлайн қолжетімді:
https://www.oecd.org/en/data/dashboards/official-development-assistance-at-a-glance.html

Қазақстандық ДРК туралы деректердің ЭЫДҰ ДЖК ресми есептерінде жариялануы халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстан Республикасының донор ел ретіндегі қызметін мойындау болып табылады.

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы