Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған «Study in Kazakhstan» стипендиялық бағдарламасы

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асыратын «Study in Kazakhstan» бағдарламасы жыл сайын шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға 550 гранттық орын ұсынады.

Грант саны:

  1. Бакалавриат – 490
  2. Магистратура – 50
  3. PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.

Толық оқу кезеңіне арналған стипендиялық бағдарламаларға қатысуға өтінім қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылады.

Бакалавриат даярлау бағыты бойынша үміткерге қойылатын талаптар

1) Үміткер, егер ол осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, стипендиялық бағдарлама бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, оның ішінде босқын куәлігінің көшірмесі;

3) транскриптімен және қосымшасымен (болған жағдайда) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы. Бакалавриатқа түсушілер үшін – орта білім туралы құжаттың орташа балы - кем дегенде "жақсы" (босқын куәлігі бар тұлғалардан басқа). Олар болмаған жағдайда үміткер оқитын ұйымның анықтамасы, қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса ағымдағы кезеңдегі бағалары туралы мәліметтер ұсынылады;

4) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;

5) үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыным хат;

6) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;

7) толтырылған сауалнама; - жүктеу үшін басыңыз

8) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса).

Магистратура даярлау багыты бойынша уміткерге койылатын талаптар

1) Үміткер, егер ол осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, стипендиялық бағдарлама бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) транскрипті және қосымшасы бар (бар болса) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0-ден) GPA немесе оның білім беру мекемелерінде алынған баламасы;

4) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;

5) үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыным хат;

6) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;

7) толтырылған сауалнама; - жүктеу үшін басыңыз

8) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса);

9) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:

  • ағылшын тілін меңгеру бойынша: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 46, Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT) шекті балл - кемінде 453, International English Language Tests System Аcademic (IELTS Academic), шекті балл - кемінде 5.5;
  • неміс тілін меңгеру бойынша: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі);
  • француз тілін меңгеру бойынша: Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес, Diplome d’Etudes en Langue français (DELF), B2 деңгейі, Diplome Approfondi de Langue français (DALF (ДАЛФ), B2 деңгейі, Test de connaissance du français (TCF) - кемінде 400 ұпай;
  • Қытай тілін меңгеру бойынша HSK – Hanyu Shuiping Kaushi, 4-деңгейден төмен емес;
  • Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат тұрғылықты елінде үміткер таңдаған тілі білім берудің алдыңғы деңгейлерінде ресми немесе оқыту тілі болып табылатын, оқу орнын бітіру мерзімі 5 жылдан аспайтын тұлғалар үшін талап етілмейді.

Докторантура даярлау багыты бойынша уміткерге койылатын талаптар

10) диссертациялық зерттеу тақырыбына оқу тіліндегі негіздеме (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде).

Стипендиялық бағдарламаны іске асыруға қатысатын жоғары оқу орындары туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы табуға болады:

https://bolashak.gov.kz/ru/stipendialnaya-programma/vuzy

Стипендиялық бағдарлама үміткерлерін оқыту үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары:

https://bolashak.gov.kz/ru/stipendialnaya-programma/specialnosti

Байланыс деректері:

010000, Астана қаласы,

Сығанақ көшесі, 70,

«Сығанақ» бизнес-орталығы, 5-қабат

Электрондық пошта: info@bolashak.gov.kz

Call-орталық:

Телефон: +7 (717) 276-90-76

WhatsApp: +7 (700) 776 00 75

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі–жұма күндері сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін

Түскі үзіліс: 13:00–14:30

Документы
Новости
Полезные материалы
Стипендиялық бағдарламаны жүзеге асыруға қатысушы жоғары оқу орындар тізімі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы