Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – «Сайлау туралы» Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы және № 8, № 9, № 10, № 11 округтік сайлау комиссияларының құрамынан шыққан мүшелерінің орнына үміткерлерден ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Аудандық мәслихаттың мекен жайы: Катонқарағай ауылы, Жампейсов көшесі, 19/1 үй.
Байланыс нөмірі: 872-342-20008 .
2026 жылғы 09 Қазанда Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Шапенов, Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары З.Ж.Исаева, ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде көрсетілді. Сессияның күн тәртібінде "Катонқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 33/358-VІII "Катонқарағай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " мәселе қаралды, сондай - ақ ауылдық округтердің бюджеттері қаралды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы 2026 жылы 9 қазанда сағат 10.00-де Катонқарағай ауылы, Катонқарағай аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 09.00 дан бастап жүргізіледі.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттарының төрағалары мен аппарат басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және жергілікті тұрғындар қатысты. Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған жиынмен қатар, Қатонқарағай аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының «Қатонқарағай ауданындағы қоғамдық ұйымдардың жұмысы туралы» көпшілік тыңдаулар өткізілді. Тыңдаулар барысында аудандағы қоғамдық ұйымдардың қызметі туралы ақпарат ұсынылып, олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына қатысты, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамдық тыңдаулармен қатар өңірдегі мәслихаттар арасында тәжірибе алмасу жөніндегі жиынның өткізілуі қатысушыларға әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарды дамытуға және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасауға қатысты түйінді мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Катонқарағай ауданындағы Қоғамдық ұйымдардың жұмысы туралы көпшілік тыңдау өткізеді.
Көпшілік тыңдау 24 қыркүйекте сағат 11.00 де Катонқарағай ауылындағы Мәдениет үйінде өткізіледі.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс номері арқылы біле аласыздар: 87088290431.
Катонқарағай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы.
Катонқарағай аудандық мәслихатының «Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері», «Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияларының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Катонқарағай ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым обектілерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы (тұрғындарды, мемлекеттік мекемелерді жылу, отын, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды ұстау)», ауданның елді мекендеріндегі тұрғылықты халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарының атқарылуы, аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, Катонқарағай ауданында орналасқан білім беру мекемелері жанындағы интернаттардағы балалардың құқықтарын сақтаудағы жұмысы туралы бірқатар мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдап, ұсыныстарды талқылап, өз пікірлерін білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
2026 жылы 04 қыркұйек күні Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXIX сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімі Д.Дүйсембаев, аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Шәпенов, бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде жарияланды. Сессияда "Катонқарағай ауданы мәдени ошақтарының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудағы жұмысы", "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы", сонымен қатар "Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясының есебі тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары А.Қ.Байғонысов, Д.Т.Қалибеков жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады. Сессияда әр түрлі мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
2026 жылғы 27 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XХX сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысты. Сессияда облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және әртүрлі мәселелер қаралды. Әр түрлі мәселелер бойынша 16 шешім қабылданды. Сессия отырысының соңында бірқатар азаматтар «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсімінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Парламенттің қалыптасу тарихына тоқталып, депутаттық қызметтің маңыздылығын атап өтті. Бұл марапат Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Болаев Бейімбет Қабдрахманұлына да берілді.
Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXXIX сессиясы 2026 жылы 04 қыркүйекте сағат 11.00-де Катонқарағай ауылы, Катонқарағай аудандық әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 08.30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Катонқарағай ауданы мәдени ошақтарының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырудағы жұмысы туралы.
2. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысымен бекітілген).
3. Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
4. Әр түрлі мәселелер
Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2026 жылғы 04 қыркүйекте сағат 09.00-да, тұрақты комиссиялардың біріккен отырыстары сағат 10.00-де Катонқарағай аудандық әкімшіліктің ғимаратында өтеді.
2026 жылғы 18 тамыз күні Катон-Қарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Д.Б.Дүйсембаев, "Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" басшысы А.М.Шакирова қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы интернет желісі арқылы онлайн режимде тікелей көрсетілді. Сессияның күн тәртібінде "Катон-Қарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/134-VIII "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" мәселе қаралды. Сессияда басқа да мәселелер қаралып, талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.