Меню

Страницы

Статья

Абраимов Жомартқан Қасенұлы

             

Абраимов Жомартқан Қасенұлы

 1949 жылы 31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.  Білімі арнаулы орта. 1966 жылы Өрел орта мектебін бітіріп, Лениногор орманшаруашылығы техникумын, техник-механик мамандығы бойынша бітірді. Осы техникумды  бітірген соң 1970-1972 жылдары аралығында Лениногор орманшаруашылығы техникумында жұмыс істейді. 1972-1998 жылдары аралығында  Катонқарағай маралсовхозында ауылшаруашылығы техникаларының механигі, МТМ меңгерушісі, №1 бөлімшесінің басқарушысы, Катонқарағай маралсовхозы кәсіподақ комитетінің бастығы сияқты қызметтер атқарды. 2010 жылы «Жомарт» шаруа қожалығын құрып, округте мал шаруашылығын дамытуда өз үлесін қосты. 2012 жылы зейнеткерлікке шығып,  2013жылдан бастап осы уақыт   аралығында Жамбыл ауылдық округі жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы   жұмысын атқарып келеді. Осы қоғамдық жұмысты атқару кезінде  Жамбыл ауылдық округінің дамуына, елді мекендерді көркейту жұмыстарына, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажы мәселелеріне үнемі атсалысып, белсенділік танытып келеді. Сонымен бірге, көркемөнерпаздар концерттеріне қатысып, мәдени-көпшілік жұмыстарында да  жастарға үлгі болуда. Конституцияның 20 жылдығы медалі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2025 жылы 20 маусымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Жоматрқан Қасенұлына  VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXVIII сессиясының №28/324– VIII шешімімен  «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
23 декабря 2025
Дата обновления
23 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы