1971 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Чернова (қазіргі Аққайнар) ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1996 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Чернова орта мектебін бітіргеннен кейін Чернова кеңшарында ағаш ұстасы болып бастайды. 1996-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында әскери қызмет атқарады. 2004 жылы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Чернова орманшылығына инспектор болып орналасады. 2008 жылы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары болып ауысады. 2011-2012 жылдары Аққайнар ауылдық округінің әкімі, 2012-2018 жылдары Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарады. 2018 жылдан бастап «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің бас директоры болып қызмет атқарады. Аудандық мәслихаттың VII, VIII шақырылымдарының депутаты.