1975 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін экономист-менеджмент саласының мамандығы бойынша, 2012 жылы Шығыс Қазақстан Өңірлік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2018 жылы Казтұтыну Одағы «Агробизнес және экономика» колледжін «Орман шаруашылығы, көгалдандыру және ландшафтты құрылыс» мамандығы бойынша бітіген. Еңбек жолын 1998 жылы Өскемен қаласының салық басқармасында инспектор болып бастайды. 2000 жылы «Топқайың» шаруа қожалығында жүргізуші болып, сосын 2001 жылы «Топқайың» шаруа қожалығы басшысының орынбасары болып ауысады. 2007 жылы «Топқайың» шаруа қожалығының басшысы болып тағайындалады. 2007-2017 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Топқайың» ЖШС директоры. Аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты.