1979 жылы 25 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Ново-Хайрузовка ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2001 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін география мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы сол университетті заңгер мамандығы бойынша аяқтап шықты. Еңбек жолын 2001 жылы "Береке" шаруа қожалығының басшысының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болып бастайды. Содан кейін ҚР қарулы күштері қатарына қабылданды. Отан алдындағы борышын аяқтағаннан кейін бұрынғы қызметіне қайта оралды. Қазіргі уақытта Ново-Хайрузовка ауылындағы "Береке+Ж" ЖШС директоры болып жұмыс істейді. "AMANAT" партиясының мүшесі. Аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты.