Меню

Страницы

Статья

Жанабаев Жанар

1961 жылы 11 сәуірде Катонқарағай ауданы Өрнек ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын Черняховский атындағы кеңшарда мал дәрігері болып бастады. Кейін осы кеңшарда бригадир, кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1993 жылы Катонқарағай аудандық полиция бөліміне қызметке шақырылып, құқық қорғау органында еңбек етті. Отставкаға шыққанша соңғы жеті жыл аудандық жол полициясы бөлімшесінің бастығы болып қызмет етті. Кейін «Өртас» ЖШС директоры.Жанар Жанабаев аудандағы қоғамдық, жол қозғалысы тәртібін сақтау ісіндегі нәтижелі қызметі үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің «ІІІ дәрежелі Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік жұмысы үшін» медальдарымен және «Қазақстан полициясына - 15 жыл» төсбелгісімен марапатталған. Катонқарағай ауданының құрметті азаматы. Аудандық мәслихаттың V, VI, VIII шақырылымдарының депутаты.

Дата публикации
08 июля 2025
Дата обновления
08 июля 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы