1974 жылы 28 қазанда Катонқарағай ауданы Малонарымка ауылында дүниеге келді. Білімі жалпы орта. 1991 жылы Малонарым орта мектебін бітірген. 2006 жылдан бастап «Селигер» шаруа қожалағаның басшысы. Дмитрии Николаевич өз ауылының тұрғындарына жем-шөппен, техникамен үнемі көмектесіп отырады. 2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2017 жылы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған. Аудандық мәслихаттың VII, VIII шақырылымдарының депутаты.