1990 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Большенарым ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2012 жылы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Диас» шаруа қожалығының басшысы болып бастайды. Қазіргі таңда «Жаңыл» шаруа қожалығының басшысы. «AMANAT» партиясының мүшесі. Аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты.