1990 жылы 3 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2008 жылы Үлкен Нарын ауылдық лицейін бітірді. 2012 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін сәулет және құрылыс мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан-Американ еркін университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы әскери кафедра бітіріп лейтенант атағын алған. 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Дамир», «Үшбұлақ», «Жанат» шипажайларының жетекшісі. Аудандық мәслихаттың VII шақырылымының депутаты