1978 жылы 2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2005 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Автомобиль жолдары және аэродромдар» құрылысы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, «Востокавтодор» ААҚ- бас механик бөлімінде меңгеруші болып бастады.2001 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Катонқарағай ПДУ» ЖШС директоры болып қызмет атқарады. Жол саласында 23 жыл тәжірибесі бар. Жас мамандарға тәлімгер болып, білімі мен тәжірибесін кәсіпорын бригадирлеріне шеберлікпен көрсете білді. «Катонқарағай ПДУ» ЖШС –де жұмыс істеген кезінде оның тікелей басшылығымен республикалық, облыстық, қалалық және жергілікті маңызы бар жолдарға орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дәулетбек Темірбекұлы 2019 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің «Құрметті жол қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының, Өскемен қаласы әкімдігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған. Аудандық мәслихаттың VII шақырылымының депутаты.