1964 жылы 9 ақпанда Тарбағатай ауданы Приозерное ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1986 жылы Өскемен педагогика институтының география факультетін бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Өрел орта мектебінің даярлық тобының мұғалімдігінен бастады. 1988 жылы Өрел орта мектебінің география пәнінің мұғалімі болып орналасты. 1995-96 жылдары Өрел орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2003-2007 жылдары Өрел орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2007 жылдан Өрел орта мектебінің директоры болып қызмет етеді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған. Аудандық мәслихаттың VI,VII шақырылымдарының депутаты.