Меню

Страницы

Статья

Бралинов Дүйсен Зағыпранұлы

1959 жылы 3 қазанда Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылында көп балалы отбасында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1980 жылы Өскемен педагогикалық институтын, 2011 жылы Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетін бітірген. 1980-85 жылдар аралығында Жамбыл орта мектебінде мұғалім, 1985-87 жылдар аралығында осы мектепте оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, 1987-2007 жылдар аралығында Жамбыл орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Дүйсен Зағыпранұлы басқарған жылдары  мектепте іскер де ұйымшыл ұжым қалыптасты, мұғалімдердің білімдерін, шеберліктерін көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілді. 2007 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды және қатарынан төрт шақырылымда мәслихаттың хатшысы болып еңбек етті. Д.Бралинов еңбектегі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, «Парламенттің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына жиырма жыл»  мерекелік медальдарымен марапатталған. «Аға мұғалім» атағы бар. Катонқарағай ауданының құрметті азаматы. Аудандық мәслихаттың III, IV, V, VI, VII шақырылымдарының депутаты

Дата публикации
04 июля 2025
Дата обновления
11 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы