Меню

Страницы

Статья

Байгереев Рақымғали Қалаубайұлы

1959 жылы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай  ауданы Черновое (қазіргі Аққайнар) ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Семей зооветинститутын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы Катонқарағай ауданының Катонқарағай кеңшарында марал өсіруші болып бастайды. 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Солоновка ауылындағы Жданов атындағы колхозда аға мал дәрігері болып орналасады. 1984-87 жылдары Большенарым аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1987-90 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарады. 1990-95 жылдары Большенарым ауданының Қазақстанның 40 жылдығы кеңшарында бас мал дәрігері, 1995-96 жылдары осы кеңшардың бас зоотехнигі болып орналасады. 1996-2001 жылдары Катонқарағай ауданының спорт және мәдениет бөлімінің бас маманы болып орналасады. 2001-2008 жылдары ҚР АШМ Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторы болып орналасады. 2008-2019 жылдары Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарады. 2019-2020 жылдары Катонқарағай аудандық ветеринария бөлімінің басшысы болып жұмыс жасайды. 2020-2022 жылдары ШЖҚ «Катонқарағай-Вет» МКК директоры болып қызмет атқарады. Катонқарағай аудандық мәслихатының VII шақырылған депутаты.

Дата публикации
04 июля 2025
Дата обновления
11 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы