1963 жылы 3 қыркүйекте Шығыс Қазақтсан облысы Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Новоберезовка (қазіргі Алтынбел) ауылында дүниеге келді. Білімі арнаулы орта. 1984 жылы Зырян медициналық училищесін фельдшер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Большенарым орталық ауруханасында фельдшер болып бастайды. 2003 жылы өзінің жеке кәсібін бастап, осы уақытқа дейін Үлкен Нарын ауылында «Восток Ерасыл» ЖШС директоры қызметін атқарады. Аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты.