Меню

Страницы

Статья

Шаухин Ниғмет Қисабекұлы

1956 жылы 23 қыркүйекте Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Большенарым ауылында дүниеге келген. 1973 жылы В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітірді. Мектепті бітіргеннен кейін 1973 жылы Өскемен қаласының жол-құрылыс институтының «Автомобиль жолдары» факультетіне оқуға түсіп, 1979 жылы аталған оқу орнын инженер-құрылысшы мамандығымен бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Большенарым ауылындағы №38 Жол басқармасына қарасты ДЭУ-5 мекемесінде бас инженер лауазымында бастады. 1985-86 жылдары ШҚ облавтожолға қарасты аудандық автожолдың Большенарым бөлімшесінде жұмыс істеді. 1986-97 жылдары ПМК-15 мекемесінің бастығы болып жұмыс істеді. 1997-2001 жылдар аралығында Большенарым ауылындағы «Ердар» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды. 2001 жылдан бері «Нарын-Сервис» ЖШС директоры қызметін атқарды. Жемісті еңбегі үшін «ҚР білім беру саласының үздігі», «Құрметті құрылысшысы» марапат белгілерімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына жиырма жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Катонқарағай ауданының құрметті азаматы. Аудандық мәслихаттың IV, V, VI шақырылымдарының депутаты.

Дата публикации
04 июля 2025
Дата обновления
11 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы