1977 жылы 19 маусымда Зайсан ауданының Кеңсай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2001 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина академиясының акушер-гинеколог дәрігері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Катонқарағай аудандық №1 ауруханасында акушер-гинеколог болып бастады. Бұл қызметті 2001-2014 жылға дейін атқарды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін Катонқарағай ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 2020 жылдан бастап Өскемен қаласындағы «Левобережная клиника» мекемесінде акушер-гинеколог болып еңбек етеді.Аудандық мәслихаттың VI шақырылымының депутаты.