1971 жылы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян (қазіргі Алтай) қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1993 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің денешынықтыру факультетін бітірген. 1994-2012 жылдар аралығында Үлкен Нарын ауылындағы Ленин атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, 2012-2014 жылдары Үлкен Нарын ауылдық лицейінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, 2014 жылдан білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып еңбек етті. Шаңғымен жүгіруден КСРО спорт шебері. Аудандық мәслихаттың VІ шақырылымының депутаты.