1957 жылы 8 қазанда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Солоновка ауылында дүниеге келді. 1975 жылы Солоновка орта мектебін бітірді. Білімі жоғары. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген. Еңбек жолын Жданов атындағы ұжымшарда малшы болып бастады. 1976 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеген соң, Жданов атындағы ұжымшарда малшы болып жалғастырды. 1980-82 жылдары Талдықорған зоотехникалық техникумын аяқтаған соң, Жданов атындағы ұжымшарда аға зоотехник болып тағайындалды. Бұл қызметте 1986 жылы тауарлы сүт фермасының меңгерушісі болып ауысқанға дейін атқарды. 1988 жылы Большенарым аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің бұйрығымен Хайрузовка кеңшарына бас зоотехник болып ауысты. 1995 жылы Дружба ұжымшарына бас зоотехник болып тағайындалды. 1996 жылы ұжымшар таратылған соң шаруа қожалығын ұйымдастырып, басшы болып еңбек етті. 2001-2006 жылдары облыстық мамандырылған ұлттық ат спорты балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы, 2006 жылы Күршім-Катонқарағай аудандық қоршаған ортаны қорғау инспекциясының бас маманы болып қызмет етті. 2006-2012 жылдары Солоновка ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2012 жылдан зейнетке шыққанға дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы болып еңбек етті. «Тыңға 50 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Аудандық мәслихаттың II, VI шақырылымдарының депутаты.